Құпиялылық саясаты
Шежіре · altybayev.kz · жаңартылған 15.11.2026
Бұл қандай сайт
altybayev.kz — Алтыбаевтар әулетінің шежіресі бар жабық отбасылық сайт. Оған тек әкімші шақырған туыстар кіре алады.
Google арқылы кіргенде қандай деректер алынады
- аты-жөніңіз;
- электрондық пошта (e-mail) мекенжайыңыз;
- Google профиліңіздің суреті.
Басқа ештеңе алынбайды: поштаңызға, контактілеріңізге, файлдарыңызға және Google құпиясөзіңізге қол жеткізбейміз.
Не үшін
Тек кіргеніңізде сізді тану және тиісті құқық беру үшін (шежірені қарау немесе өңдеу). Аты мен суретіңіз сайттың жоғарғы жағында көрінеді, e-mail-ді пайдаланушылар тізімінде тек әкімші көреді.
Туыстардың деректерін кім көреді
Отбасы мүшелері туралы мәліметтерді (аттары, күндер, суреттер, естеліктер) тек шақырылған туыстар кіргеннен кейін көреді. Іздеу жүйелері мен бөгде адамдар оларды көрмейді.
Деректерді беру
Деректеріңізді ешкімге бермейміз, сатпаймыз және жарнамаға пайдаланбаймыз. Деректер сайттың серверінде сақталады.
Деректеріңізді қалай жоюға болады
[email protected] мекенжайына хат жазыңыз — аккаунтыңыз бен кіру деректеріңізді жоямыз. Шежіреден өзіңіз туралы мәліметті алып тастағыңыз келсе, оны хатта көрсетіңіз.